Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртаc әлеуметтік желіде балаларының суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қызы Алау және ұлы Ханмен түскен суретін бөлісті.
Менің Алауым, жаным, тынысым, қуанышым, күнім, бақытым, мерекем — мен сені жақсы көремін, құлыншағым. Хан – жарайсың, – деп жазды Қайрат Нұртаc Instagram парақшасында.
Қайрат Нұртаc — Қазақстандағы ең танымал эстрада әншілерінің бірі, актёр әрі продюсер. Ол 2006 жылдан бастап көпшілікке танылып, сол уақыттан бері көптеген хит әндер шығарып, миллиондаған тыңдарманның сүйіктісіне айналды. Ол жары Жұлдыз Әбдікәрімова екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр — екі ұл және екі қыз.