Бұл туралы Energyprom мониторинг агенттігі хабарлады.
Биыл елдегі дыбыс жазу және музыканы басып шығару белсенділігі де айтарлықтай төмендеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тақырып тікелей музыкалық аспаптар өндірісіне қатысты. Бір ғана мысал, 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанда 56 миллион теңге сомасына музыкалық аспаптар (фортепиано, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар, метрономдар және т.б.) шығарылған. Бұл статистика 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға аз болып тұр.
Өндіріс 20 аймақтың 8-інде жүргізілген. Алматы қаласы 38 миллион теңгемен (жалпы көлемнің 68%-ы) көш бастаса, одан кейін тізімде Алматы (7,7 млн) мен Жамбыл облысы (4,5 млн) жайғасқан.
– Домбыра мен гитара бағасы шілдеде бір айда 0,3%-ға, бір жылда 5,6%-ға қымбаттады. Бір айда ең байқалған өсім Батыс Қазақстанда (2,1%), Түркістанда (1,9%) және Алматыда (0,7%) болды. Басқа аймақтарда баға дерлік өзгеріссіз қалды.
Бір жыл ішінде Түркістан облысын қоспағанда, домбыра мен гитара бағасы барлық жерде дерлік өсті (төмендеу 1,5%). Павлодар және Алматы облыстарында, Ұлытау облысында – өзгеріссіз. Аспаптар бағасы ең көп Ақмола (16,4%), Жамбыл (15,1%) және Ақтөбе (12,4%) облыстарында өсті. Ең азы – Жетісу облысында (1,2%-ға), – деп жазды Energyprom мониторинг агенттігі.
Жоғарыда хабарлағанымыздай, елдегі дыбыс жазу және музыканы басып шығару белсенділігі айтарлықтай төмендеген. 2025 жылдың бірінші тоқсанында қызмет көрсету көлемі 333,6 миллиард теңгені құраған, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,2%-ға аз.
Алматы қаласы қайтадан бірінші орынға жайғасқан. 236,7 млрд теңге, жалпы көлемнің 71%-ға жуығы. Одан кейінгі сатыларды Алматы (25,5 млрд) және Жамбыл (19,5 млрд) облыстары тұр.