2025 жылғы 7–11 тамыз аралығында елордада жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламаларына құжат қабылдау өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, конкурсқа қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі бағыттар бойынша өтініш береді:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Психология.

А. Құсаинов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

  • Педагогика және психология;
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Astana халықаралық университеті:

  • Педагогика және психология;
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Психология.

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті:

  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау;
  • Физика пәні мұғалімдерін даярлау.

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

  • Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • Математика пәні мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы ҚазҰПУ:

  • Педагогика және психология;
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
  • Психология;
  • Арнайы мамандықтарды дайындау: дефектолог, логопед, олигофренопедагог, тифлопедагог, сурдопедагог.

Астана медицина университеті (резидентура):

  • Ересектер және балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы;
  • Ересектер және балалар офтальмологиясы;
  • Отбасылық медицина;
  • Неонатология;
  • Ересектер және балалар жедел медицинасы;
  • Ересектер және балалар психиатриясы;
  • Ересектер және балалар жақ-бет хирургиясы;
  • Патологиялық анатомия.

Резидентураға құжат қабылдау 18–20 тамыз аралығында өтеді.

Қазақстанда қанша оқушы мектеп бітіргені және қандай мамандықтарды таңдағаны туралы толығырақ мына сілтемеден оқуға болады.

Бұған дейін Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025–2026 оқу жылы грант ұтып алғандар тізімін жариялаған соң, абитуриенттер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады.