Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның қызы Диана америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің Birthday атты әніне билеп, жұрттың көңілінен шықты. Диананың еңбегі елеусіз қалмады – анасының оқырмандары оның өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желі қолданушылары Диананың биін қызу талқылап, пікір жазып жатыр:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dinara Zhanykul (@dinarasatzhan)
- Диананың әртістік қабілеті бар, қандай әсерлі!
- Дианочка, туған күніңмен, бөбегім! Армандарың орындалсын! Біз сені жақсы көреміз!
- Джей Ло біздің харизмасы мол биші қызымызды көріп, лайк басады деп үміттенеміз! Осылай жалғастыра бер!
- Тамаша өнер көрсетті! Энергиясы мен харизмасы от қой
- Бар жағынан талантты
- Нағыз сұлу!" деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 10 тамыз күні Дженнифер Лопес 56 жасында Алматыда өнер көрсетпек. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, концертке билеттер толық сатылып кеткен.
Zakon.kz бұл ауқымды шоудың алдында көрермендер білуге тиіс маңызды мәліметтерді ұсыған еді.