8 тамызда еліміздің көптеген облыстарында 40 градусқа дейін аптап ыстық, найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр. Көп өңірде өрт қаупі өте жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 08 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазған қ.: 08 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 08 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертен облыстыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Астана қ.: 08 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Павлодар қ.: 08 тамызда түнде қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 08 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.