8 тамыз күні Астанада электр желілері нысандарында жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарлы электр сөндірудің келесі кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Астана-РЭК" АҚ мәлімдеді.

Компанияның мәліметінше, осы күні бірқатар учаскеде жөндеу жұмыстары басталады. Атап айтқанда:

  • Байқоңыр ауданында: 10:00-ден 17:30-ға дейін, 16 күн бойы (29 тамызға дейін) келесі көшелерде электр энергиясы өшіріледі: Крылов көшесі, Теңіз тұйығы, Жетісай көшесі және Сусамыр көшесі — бұл ТП-29ЖД-дан (2-фидер) шығатын 0,4 кВ әуе желісіне жүргізілетін жөндеу жұмыстары аясында.
  • Сарыарқа ауданында: 8 тамыз — Молдағұлова және Найзакара көшелеріндегі электр сөндірудің екінші күні. Мұнда 9 тамызға дейін қоса алғанда 0,4 кВ әуе желісіне (КТП-2070, 2-фидер) тұтынуды есепке алу аспаптарын (АСКУЭ) орнату және алу жұмыстары жүргізіледі.

Мекенжайлардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.