Үкіметте өткен брифингте құлаған әскери тікұшақты іздестіру жұмыстарының барысы туралы айтылды. Бұған дейін Сорбұлақ көлінің маңынан тікұшақ сынықтары табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жоғалған тікұшақ туралы хабарлама 25 шілдеде Қорғаныс министрлігінен түскенін еске салып өтті. Тікұшақтардың көмегімен іздеу жұмыстары басталған, Сорбұлақ су қоймасына барлау жүргізілген.

"Қазғарыштан" алынған суреттерде жанар-жағармайдың төгілгеніне ұқсас іздер көрінген. Сорбұлақ су қоймасы маңынан тікұшақтың бірнеше сынығы табылды. Осыдан кейін штаб құрылып, белсенді іздеу жұмыстары басталды.

Өкінішке қарай, 10 күннен астам уақыт өтті. Біз Сорбұлақ аумағының шамамен 50 пайызын қарап шықтық. Барлық іздестіру шарасы Қорғаныс министрлігінің бақылауында", — деді ол.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері су қоймасында көруге мүмкіндік нашар дейді.

"Біз өз күш-құралдарымызды бердік. Қазір іздестіру жұмыстары таңнан кешке дейін жүргізілуде. Сорбұлақтағы судың тереңдігі 5 метрден 25 метрге дейін жетеді. Түбі ми батпақ. Тіпті бір метр тереңдікте де ештеңе көрінбейді, бәрін лай басқан", — деді вице-министр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз