Бірінші кезеңде қосымша сабақтар Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен 3 колледжде енгізіледі
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа оқу жылынан бастап Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өткізіледі.
Пилоттыңқ жобаның бірінші кезеңінде қосымша сабақтар Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен 3 колледжде енгізіледі.
Жобаның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету, сонымен қатар зорлық-зомбылық, буллинг және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу.
«Сабақтарды арнайы дайындықтан өткен, прокуратура және полицияда қызмет еткен тәлімгерлер жүргізеді. Тәлімгерлерді оқыту 7–8 тамыз күндері басталады», — деп жазылған хабарламада.
Пилоттық мектептер мен колледждерде оқу жылында 7–10 сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін барлығы 36 сабақ өткізу жоспарланған. Сабақтар екі аптада бір рет өтіп тұрады, алдын ала және қорытынды диагностика және оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониторинг жүргізіледі.