Грузияда белгілі кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділовтің бауыры Шыңғыс Мұсаділов өлі күйінде табылды. Бұл деректі Қазақстан елшілігі растады, деп хабарлайды Sports24.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым деректері бойынша, соңғы рет ер адамды 4 тамызға қараған түні Тбилиси орталығындағы түнгі клубтардың маңынан көрген. Бұдан кейін онымен байланыс болмаған. Ол үйіне және жұмысына бармаған. Оның туыстары бірден дабыл қағып, полицияға жүгінген.
"Іздеу жұмыстары бірнеше күнге жалғасты. Нәтижесінде Шыңғыс өлі күйінде табылды. Оның неден көз жұмғаны және оқиғанын мән-жайы қазіргі таңда жария етілмеді. Деректі Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растап отыр", — деп жазады басылым.
Марқұмның ағасы Серік Мұсаділов Қазақстан кәсіпқой боксындағы ауыр салмақта белдесетін спортшылардың бірі саналады. Ол халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғап жүрген және болашағынан үміт күттіретін боксшы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз