Владимир Путин Кремльде 2025 жылы 6 тамызда АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Риа Новостидің хабарлауынша, Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қос тараптың сөзталқысы пайдалы әрі конструктивті болғанын жеткізді.
Атап айтқанда, Путин мен Уиткофф "Украина дағдарысын талқылады", "Ресей америкалық тарапқа украин мәселесі бойынша белгілер беріп, Трамптан да тиісті белгілерді қабылдады".
Сондай-ақ АҚШ пен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ықтимал даму перспективалары талқыланды.
"Кремль Путиннің Уиткоффпен келіссөздері туралы тек Трамп одан хабардар болғаннан кейін ғана егжей-тегжейлі айта алады", — деді Ушаков.
Әңгіме шамамен үш сағатқа созылды.
Айта кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Путинге атысты доғару туралы ультиматуммен шығып, 8 тамызға дейін уақыт берген болатын. Ал ультиматум орындалмаған жағдайда АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізетінін де нақтылады. Бұл санкциялар мұнай саласын қамтымақ.