Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен және екі адамның өмірі қиылған жол апатына қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, әйелден қорғалуға құқығы бар куә ретінде жауап алынған. Ол Алматыдағы ауруханада жатыр.

"Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру іс-шарасы аясында болған оқиғаның объективті көрінісін анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық әрекет жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қметіндегілер.

Әйелге қатысты жүргізілген тергеу әрекеттерінің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Өзге мәліметті Жамбыл облыстық ПД Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етпеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз