Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина ISU Cranberry Cup International 2025 турниріне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ-тың Норвуд қаласында өтетін бұл жарыс 7 тамызда басталады.
9 тамыз күні әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтеді.
Еске салайық, Самоделкина соңғы әлем чемпионатында 14-орын алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын.
Еске салайық, мұның алдында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық бес спортшы финалға жолдама алғанын жазған едік.