Алматыда Халық қаһарманы, ұшқыш, ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ол 4 тамызда дүниеден өткен еді.
Қоштасу рәсімі Алматыдағы Армия үйінде өтіп жатыр, ғимарат алдында құрметті қарауыл сап түзеп тұр. Жаназаға қатысу үшін ғарышкердің туыстары мен достары, ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Айдын Айымбетов және ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев келді.
Қоштасуға келгендердің арасында Амантай қажы да көзге түсті. Талғат Мұсабаевпен қоштасу үшін залда кезек пайда болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз