Қасым-Жомарт Тоқаев 24 мамырда Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатты .
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Досаев Ерболат Асқарбекұлы Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды”, – деп мәлімдеді Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев 24 мамырда Ерболат Досаевты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатты. Ал кеше Алматы қаласының мәслихаты жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізетіні хабарланды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Түркістан облысын басқарған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дархан Сатыбалды туралы не білеміз?
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институты мен Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Саяси және мемлекеттік қызмет жолы:
2022 жылдан 2024 жылға дейін – Түркістан облысының әкімі
1996 жылы Келес ауданында еңбек жолын бастады
Қаржы министрлігі, Президент Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтер атқарды
2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды
2015–2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
2017 жылы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты
2019–2022 жылдары – Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі