Чехияның Простеев қаласында 2025 ITF World Junior Tennis Finals турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр. Топтық кезеңнің алғашқы матчында отандастарымыз Германия құрамасымен кездесті.
Алғашқы кездесуде Хақназар Жеткербай Даниель Шарнецкиге 3:6, 2:6 есебімен жол берді. Дегенмен екінші матчта Ахмади Маханов Те Луис Калинді 6:1, 2:6, 7:5 есебімен жеңді. Шешуші жұптық ойында отандастарымыз Даниель/Луис жұбына есе жіберді. Есеп: 3:6, 4:6.
Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі келесі қарсыласы Жапония болмақ.