Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген.
Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.
Сондай-ақ көрмеде Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мәдени мұрасы мен меймандос халқының бай рухани қазынасымен танысуға болады.