Алматы тұрғындары Қарғалы өзеніндегі судың жасыл түске боялғанын байқады. Билік химиялық қоқыс төгілгуі мүмкін екенін айтады.

Жандосов және Абай көшелерінің аралығында Қарғалы өзенінің суы өзгергені байқалды. Алматы әкімдігінің дерегінше, өзен түсінің өзгеруі химиялық қоқыстың төгілуімен байланысты болуы мүмкін. Жағдайды анықтау үшін оқиға орнына экология және қоршаған орта басқармасының мамандары жіберілген. Су сынамалары алынған.

Әкімдік мәліметінше, 5 тамызда экология басқармасы, Наурызбай ауданының әкімдігі, Балқаш-Алакөл бассейнінің инспекциясы бірлесіп, тексеру жүргізеді.

Олардың мақсаты – судың ластану себебі және кінәлілерді анықтау. Алдын ала дерек бойынша, өзен суының түсі қалпына келген. Жағалау мен су бетінде ластану белгілері көрінбейді.