Синоптиктер еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Көптеген өңірде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, өрт шығу қаупі төнуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 05 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 05 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 05 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 05 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігіде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Астана қ.: 05 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі

Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз