Робот сот орындаушы қазақстандықтардың 1,5 млрд теңгеден астам қаржысын үнемдеді.
Әділет министрлігінің былтыр іске қосқан цифрлық көмекшісі қазір өз нәтижесін беріп жатыр. Оның көмегімен айыппұл, алимент және салық қарыздарын жеке сот орындаушысының қатысуынсыз автоматты түрде өндіріп алуға болады. Мәселен робот, борышкердің төлемдерін есептеп, тиісті хабарлама жібереді. Осылайша уақыт та, қаржы да үнемделеді.
Мадина Құсманова, ҚР ӘМ Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің бас сарапшысы:
- Бұрын борышкерлер қарызын уақытында төлемеген кезде жеке сот орындаушысына оның жұмысы үшін 25 пайыз қосымша ақы төлем төлейтін. Қазір азаматтарға сот орындаушыларына барудың қажеті жоқ. Уақыт үнемделетін болды. Себебі барлық процесс онлайн жүргізіледі. Енді қазір барлығы цифрландырудың арқасында азаматтар онлайн түрде атқарушылық жазба туралы ақпаратты дер кезінде алады, яғни жеделдетілді.