Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды.

Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.

Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты.

Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.