Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығына барды, деп хабарлайды Aqorda.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты", — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығы ашылатынын жазған едік. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз