Шымкентте 26 жастағы Дияна Онғарбаева 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойжеткенді еріктілер іздегенімен, өкінішке қарай оның көз жұмғаны туралы мәлім болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бойжеткеннің қайтыс болғаны туралы ақпарат еріктілердің желідегі парақшасында пайда болды. Шымкент ПД кісі өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталған. Ол тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүріп жатыр", — деп мәлім етті ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Полиция департаментіндегілер көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз