Маңғыстау облысында өткен той соңы жанжалмен аяқталды – Мұнайлы ауданындағы үйлену тойы көше төбелесіне ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2 тамызда Lada.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға 31 шілдеде болған. Той қонақтарының арасында туындаған ауызша жанжал кейін төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ жейде киген бірнеше жігіттің жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқан сәті түсіп қалған.
Полицияның нақтылауынша, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды – олар 2004–2005 жылдары туған жастар. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.