Астана, Алматы мен Шымкенте 2 тамызда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр мен бұршақ жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с болмақ.

Астанада да синоптиктер болжамынша, жаңбыр мен бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 30 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болмақ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз