Америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті дәл қазір өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанға алғаш рет келген жұлдыздың концертіне стадион лық толды – көрермендер шоу басталмай жатып трибуна мен фан-зонаны толтырып үлгерген.

Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған кадрлардан көрермендердің әнші сахнаға шыққанда шаттықпен айқайлап, қошемет көрсеткенін байқауға болады. Би нөмірлері, жарықтар, арнайы эффектілер мен танымал хиттер – Джей Ло елордада нағыз музыкалық шоу ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 8 шілдесінен бастап Дженнифер Лопес соңғы алты жылдағы алғашқы турын бастаған. Up All Night бағдарламасы аясында Джей Ло Астанада (1 тамыз) және Алматыда (10 тамыз) концерт береді. Астанадағы концертке қалай жетуге және қайда көлік қоюға болатыны туралы мәліметті мына жерден біле аласыз.