Ақтөбеліктер жеңісті жолды жағастыра алмады.
"Ақтөбе" Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды. Команда бұл кезеңде Чехияның "Спарта" клубымен кездесті.
Алғашқы ойында "Ақтөбе" 2:1 есебімен жеңіске жеткенімен, қарымта кездесуде қарсылас алаңында 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Чехиялық клуб жеті минут ішінде үш гол соғып, басымдықты толық өз қолына алды. Қосымша уақытта төртінші гол соғылып, екі матчтың жалпы есебі 5:2 болып аяқталды.
Гол авторлары:
57-минут – Велько Бирманчевич
60-минут – Матей Ринеш
64-минут – Ян Кухта
90+4-минут – Альбион Рахмани
"Ақтөбе" Конференциялар лигасына Еуропа лигасынан кейін ауысқан болатын. Аталмыш турнирде клуб Польшаның "Легия" командасынан екі кездесуде де 0:1 есебімен жеңілген еді.
Осылайша екінші қазақстандық команда Еурокубоктан шығып қалды. Бұған дейін “Ордабасы” алғашқы іріктеу кезеңінде Грузияның “Торпедо” (Кутаиси) клубына жол берген – 3:4 және 1:1.
Қазіргі таңда Еурокубок бәсекесінде тек екі командамыз қалды.
"Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде, ал "Астана" Конференциялар лигасының үшінші кезеңінде ойындарын жалғастырады.