Микроқаржылық ұйым Қаржылық реттеу және дамыту агенттігінен банкке айналуға рұқсат алған .

KMF микроқаржы ұйымы тамыз айында клиенттерге банк қызметтерін ұсынуға дайындалуға кірісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

KMF 2025 жылғы 30 шілде сағат 15:00-ден 3 тамызға дейін техникалық себептерге байланысты барлық операцияларды уақытша тоқтатты.

Тоқтатылған операцияларға мыналар жатады:

  • микронесиелерді өтеу: бөлімшелерде, терминалдарда (KMF және серіктестердің), мобильді қосымшада және серіктес ұйымдарда;
  • микронесиелерді беру: бөлімшелер мен мобильді қосымша арқылы;
  • қайта құрылымдау, анықтамалар мен құжаттарды рәсімдеу.
  • Ұйым хабарлауынша, осы кезеңге сәйкес келетін төлемдер 2025 жылғы 4-8 тамыз аралығында сағат 18:00-ге дейін KMF кассаларында және терминалдарында қосымша комиссияларсыз, өсімпұлдарсыз және айыппұлдарсыз қабылданады.

"Бұл өзгерістер сіздер үшін жасалып отыр – жақын арада біз сіздерге жаңа банк қызметтерін ұсына алатындай боламыз. Банктің ашылуы туралы қосымша хабарлаймыз", – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, KMF 2025 жылдың наурыз айында банкке айналуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен ресми рұқсат алған.