Қазақстанның 15 облысында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 1 тамызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз орталығында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 1 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетіп, тіпті одан да асады. Күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, жел соғады, екпіні — 18-23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 1 тамызда күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

1 тамызда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 1 тамызда кей уақыттарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда 1 тамызда күндіз найзағай ойнап, күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 36 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 1 тамызда күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 1 тамызда күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 1 тамызда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 1 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 1 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 1 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 1 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 1 тамызда күндіз нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 1 тамызда найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Астанада 1 тамызда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.