Таиф маңындағы әл-Хада ауданында орналасқан Green Mountain ойын-сауық саябағында адам толы "360 градусқа" айналатын аттракцион құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

People мәліметінше, оқиға салдарынан кем дегенде 23 адам жарақат алған, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

Басылым оқыс оқиғаға аттракциондағы ақау түрткі екенін жазады.

Оқыс оқиға видеоға да түсіп қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан аттракцион әдеттегідей іске қосылғанын көруге болады. Алайда, көтерілу кезінде құрылғы жылдамдықты арттырғанда ортаңғы тірек кенеттен екіге бөлініп, кісі толы платформа төмен жалп етті. Отырған күйінде бар салмақпен жерге құлаған адамдар орнынан ұшып кетті, ал айналадағылар өз көздеріне өздері сенбей айқайға басады.

Айта кетсек, Павлодарда анасы бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып жіберіп, артынан өз секірген.