Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр министрлер кабинетінде өткен брифингте доллар бағамы түседі деген ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселені журналистер көтерді – олар доллар бағамы қалай өзгеретіні туралы сұрақ қойды. Қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 552 болып отыр.

"Келер жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты қабылданған болжамда доллар бағамы көрсетілген, оған мынадай бағам енгізілген: бір долларға 540 теңге, ал мұнай бағасы – салыстырмалы түрде пессимистік сценарий – барреліне 60 доллар. Түрлі нұсқа болуы мүмкін. Олжас Бектенов экономикалық даму болжамына қатысты сандарды айтты. Қазіргі жағдайға келер болсақ, "премьер-министрдің сөзі бағамның осы деңгейге дейін өсуіне ықпал етті" деу, менің ойымша, дұрыс емес", — деді Роман Скляр.

Ол Ұлттық банк жеке құрылым екенін және үкіметке бағынбайтынын еске салды.

"Олар өздері қажет деп санайтын ақша-несие саясатын жүргізіп жатыр, бірақ менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллар бағамы түседі және сондай жоғары болмайды. Біз бұған бірнеше рет куә болдық", — деп есептейді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз