Тамыздың басында электр энергиясына тарифтер көтеріледі. Баға аймаққа және қызмет көрсететін компанияға байланысты орта есеппен екі теңгеге жоғарылайды. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстанда 2025 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі деп күтіліп отыр. Энергетика министрінің тиісті бұйрығы жарияланды.

Telegram желісіндегі "Юрист "ПАРАГРАФ" арнасының ақпаратына сүйенсек, осы құжатқа сәйкес электр энергиясын сату қызметін көрсететін келесі компанияларда тарифтік баға көтеріледі:

  • Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС тарифтерді кВт/сағ үшін 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге көтермек.
  • Ақтөбе ЖЭО 1 кВт/сағ 17,54-тен 18,19 теңгеге;
  • "Жайықтеплоэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге;
  • МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге;
  • "Кристал Менеджмент" АҚ – 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге;
  • "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге;
  • З-Энергоорталық — 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге;
  • "Қызылорда жылу-энергетика орталығы" – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге;
  • "Батыс Пауэр" ЖШС – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге;
  • "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге;
  • "OzenMunaiProm" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге;
  • "ТНК Қазхром" АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге;
  • "ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге көтеріледі.

"Энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобына бір кВт/сағ үшін 44,02 теңге тариф белгіленді", — деп атап көрсеткен дереккөз.

Яғни электр қуатымен жабдықтау қызметін көрсететін компанияларда тарифтер көтеріледі. Сәйкесінше, тұтынушылар үшін де баға көтеріледі деп күтіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз