Әлеуметтік желіде 30 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті (бойжеткен) ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz

Zakon.kz редакциясына аталған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайлары алда анықталатын болады", — деді полициядағылар.

Сондай-ақ, ведомство алдын-ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болғанын атап өтті.

"Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерді басшылыққа алуға шақырамыз", — дейді полициядан.

Айта кетсек, 2025 жылдың 18 маусымында да Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыз өлі табылған болатын.