Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады. Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде спортшыларымыз командалық сынның жартылай финалына дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді.
Кездесу 42:41 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, отандастарымыз жекпе-жектің соңына дейін басымдыққа ие болғанымен, жапониялықтар есепті теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды.
Осылайша қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алған Қазақстан құрамасы Франциямен бетпе-бет келді. Семсерлесу ұлттық спорты болып табылатын француздарды біздкілер 45:31 есебімен ойысырата ұтты. Қола медаль — Қазақстан құрамасының қанжығысында.
Бұған дейін 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық боксшыдан допинг табылғанын жазғанбыз.