Степногорск қалалық сотында ҚАЖ мекемесінің "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңды қолдана отырып, сотталған Байжанов Бақытжанға қатысты жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қаралды.

Сот 2024 жылғы 13 мамырда Б. ҚК-нің 432-бабымен ҚІЖМАС үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

Сотталған Байжанов Бақытжанға қатысты ұсыныс келесі негіздер бойынша қанағаттандырылды.

ҚК-нің 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес, негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады.

Сотталған Б.-дан сот үкімімен өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.

Сот қаулысымен ҚАЖ мекемесінің сотталған Б.-ға жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынысы қанағаттандырылды. "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңға сәйкес, сотталған Б.-ға өтелмеген жаза мерзімі 1/3 бөлікке қысқартылды және өтеуге түпкілікті 1 жыл 4 ай 17 күн бас бостандығынан айыру мерзімі белгіленді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.