Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың Ташкенттегі концертінде өзбекстандық қария сөз сөйледі. Ол 36 жастағы әншіге сегіз жыл бұрын көмектескенін, сол кезде Қайрат оған жылқы сыйлайтынын айтып, уәде бергенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Концерт Ташкентте осы сейсенбі, 2025 жылғы 20 мамырда өтті. Видеоны Ақтөбе облысының тұрғыны жариялаған.

"2017 жылы сенің үлкен концертіңде шалбарыңның белдігін ұмытып кетіпсің. Сонда мен, Қайрат, өз белдігімді саған бердім… Сен сол кезде құшақтап: "Ауылыңа өтіңіз, сізге тұлпар сыйлаймын" деген едің. Қашан өтейін?", — деді қария.

Оған жауап ретінде Қайрат Нұртас:

"Тұлпар ма? Тұлпар бізден болсын. Мен тұлпар мінгіземін деп айтсам, онда мінгіземін. Қазір ғой, қазір, көке, – деп жауап берді.

Одан кейін әнші әңгімені әзілге бұрып, сахнада:

"Басқа бәрі дұрыс па? Тағы кімге тұлпар мінгізейін?" деді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Талғат Жазира (@talgat_zhazira)

Еске салайық, бұған дейін сахнада Қайрат Нұртаспен билеген бүлдіршін көпшіліктің көзайымына айналғанын жазған едік.