1 тамызда елордадағы "Астана Арена" стадионында өтетін Дженнифер Лопестің концертіне 25 мың көрермен келеді деп жоспарланған. Осыған орай ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Концерт ұйымдастырушысы Мәлік Хасенов Instagram желісіндегі story бөлімінде Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне келушілерге үндеу жасады. Ол концертке ертерек келуді сұрады.
"Бұл біздің осындай деңгейдегі алғашқы концертіміз екенін ескерсек, стадионға қай уақытта келу керек екені өзекті сұрақ. Егер 25 000 адам сағат 19:00-ге бір уақытта келсе, "Астана Аренаның" кіреберісі барлық көрерменнің жылдам өтуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан есік сағат 16:30-да ашылады. Әр көрерменнің кіру процесі уақыт алады, оны көрермендер санына көбейтсек – кемінде 3 сағат кетеді. Сондықтан ертерек келуді өтінемін", — деп жазды Мәлік Хасенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігінің өкілдері 1 тамызда өтетін Дженнифер Лопестің концерті кезінде "Астана Арена" маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз