Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Aqorda-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!", — деп жазды президент құттықтау хатта.
Еске салсақ, қазақстандық әнші Әйгерім Алтынбек Италиядағы беделді халықаралық байқауда жеңіске жетті, ол бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз