Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 шілдеде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,5 теңгеге төмендеп, 541,35 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,81 теңгеге (-0,04) түсті.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 75,53 теңге (-0,52) болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 542,5-545,5 теңге, еуро 633-638 теңге, рубль 6,75-6,87 теңге аралығында сатылуда.
28 шілдедегі саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны барреліне 0,58%-ға өсіп, 68,05 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,58%-ға өсіп, барреліне 65,54 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 544,87 теңге, еуроны 639,02 теңге, рубльді 6,88 теңге деп белгіледі.