Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіп жатыр. Тиісті бұйрық жобасы туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі негізгі өзгерістерді атады.
Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидаларда зейнеткерлік жасқа толған адамдар өз жұбайының (зайыбының) жеке көмекшісі бола алатын тәртіп реттеледі.
Сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және жеке көмекшісінің бір елді мекенде тұру қажеттілігін айқындайтын қосымша пункт пайда болады.
Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 11 тамызға дейін "Ашық НҚА" интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз