Германияның Рейн-Рур аймағында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиада өз мәресіне жетті, оған Қазақстан құрамасы да қатысқан еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Универсиаданың жабылу салтанаты Дуйсбург қаласында өтті — бұл жарыстар өткен ірі қалалардың бірі.

Қазақстан құрамасы байрақты бәсекені 11 жүлдемен аяқтады: 1 алтын және 10 қола. Жалпы медаль иеленген 58 елдің ішінде біздің ел 37-орынды иеленді.

Студенттерге арналған дүбірлі дода 16-27 шілде аралығында Рейн-Рур аймағында ұйымдастырылды. Жарыстар 18 спорт түрі бойынша Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм және Берлин қалаларында өтті.

FISU — Халықаралық студенттер спорты федерациясының туы астында өткен бұл Универсиадаға әлемнің 160 елінен 8,5 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан намысын 62 спортшы қорғады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз