Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 шілдедегі қаулысымен Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ереже министрліктің жаңа функцияларымен толықтырылды:
- министрлiктiң, Бас штабтың және Қарулы Күштердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң министрлiк мүддесiнде мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде өзара iс-қимыл жасау қағидаларын бекiтедi;
- бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі және оларды өткізуден түсетін қаражатты пайдалану қағидаларын бекітеді;
- бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ғылыми зерттеулердiң, консультациялық қызметтердiң құнын белгiлеу қағидаларын бекiтедi;
- бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекітеді;
- бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша лизинг шарты бойынша жүзеге асырылатын күрделi шығыстардың құны мен нысанасын белгiлеу қағидаларын бекiтедi;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде запастағы әскери қызметшiлердiң жауынгерлiк даярлығы бойынша сабақтардан немесе оқу-жаттығу жиындарынан, дағдарысты жағдайларда оқу-жаттығу жиындарынан өту қағидаларын бекiтедi;
Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігінің бірінші басшысы:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, Қарулы Күштер мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының ұсынуы негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өткiзуден түскен ақшасы өздерiнiң иелігінде қалатын, кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерiнiң тауарларына (жұмыстарына, көрсетiлетiн қызметтерге) тарифтердi (бағаларды) бекiтедi.
Сонымен қатар, министрліктің бірқатар функциялары қайта қаралды:
- қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
- жекеше әріптестің шығындарын өтеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
- мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезiнде министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Бас штаб пен Қарулы Күштердiң өзара iс-қимылы қағидаларын бекiтедi;
Бұйрық 2025 жылдың 5 тамызынан бастап күшіне енеді.