30 мамыр мен 2 маусым аралығында Тараз қаласында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир қатысушылары екі дисциплинада бақ сынайды: XCM – марафон және XCE – кросс-кантри элиминатор.

Жүлделер мен рейтингтік ұпайлар ересектер мен жасөспірімдер арасында сарапқа салынады.