Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен АТР 250 санатындағы топырақ төсенішіндегі турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда ол Франция өкілі, әлемнің 100-ракеткасы Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша, Бублик атарынан екінші ATP 250 турниріндегі чемпион атанып отыр.
Биылғы "Ролан Гарростан" бергі топырақ төсенішіндегі барлық жарысты ескерсек, ол 12 матчта жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген. Қазақстанның бірінші ракеткасы 2025 жылғы "Ролан Гаррос" ширек финалында италиялық Янник Синнерге ғана есе жіберді.
Бұл – Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы үшінші жеңісі және мансабындағы ATP турындағы жетінші (жекелей сын) титулы.
Ол бұған дейін мына турнирлерде жеңімпаз атанған:
- ATP 250 Монпелье (2022);
- ATP 500 Галле (2023);
- ATP 250 Антверпен (2023);
- ATP 250 Монпелье (2024);
- ATP 500 Галле (2025);
- ATP 250 Гштаад (2025).
Айта кетейік, Александр Бублик осы жеңісінің арқасында дүйсенбі, 28 шілдеден бастап ATP рейтингінде 25-орынға көтеріледі.