Астанада теннистен ел біріншілігінің жекелей сында ересектер арасындағы финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы қарағандылық Амир Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен кездескен.
Бірінші сетте Омарханов 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, кейін Ломакин арқа жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.
Осылайша, Амир алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды — оның қарсыласы Тимур Мауленов медициналық себептерге байланысты кездесуге шықпады.