Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар сатылымға шығады

Қазақстан теңге сарайында жасалып шыққан Александр Македонскийге арналған коллекциялық монеталар 2025 жылғы 29 шілдеден бастап сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, ” ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары Ұлы қолбасшылар” сериясынан тұрады.

“Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2000 (екі мың) дана”, делінген хабарламада.

Коллекциялық монеталар Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Бұған дейін Ұлттық Банк “ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ” коллекциялық монеталарын айналымға шығарған болатын.