Алматыда бірнеше компьютерлік қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан. Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен.

"Тінту барысында кибершабуылдарды жасау үшін пайдаланылған заттай айғақтар тәркіленді". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысында киберқылмыстарды ашу көрсеткіші екі есе артқанын жазғанбыз.