Есенгелді Сүйіновтің есімі оқырман қауымға қарымды қаламгер, ақын ре­тінде белгілі. Оның «Күңгіртау құпия­сы», «Мақпалды күндер», «Арайлы таң», т.б. кітаптарын жұрт­шылық жылы қабылдаған.

Автордың сыршыл өлең­дері адамдарды мейі­рімділікке, ана тілімізді қадірлеп, ұлттық құндылық­тары­мызды қастерлеуге, Отанымызды сүюге, ізгілікке баулиды.

Жақында Мәскеу қаласында, Ресей Мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиеті орталығында қазақ­тың белгілі ақыны, қоғам қайрат­кері марқұм Марфуға Бектемірованы еске алуға арналған шығармашылық кеш­те Есенгелді Сүйіновке Ресей Жазу­шылар одағы Мәскеу қалалық ұйы­мы­ның «Орыстың ұлы жазушысы және ақыны, Нобель сыйлығының лау­реаты Иван Алексеевич Бунин атын­дағы «Орыс әдебиетіне адалдығы үшін» әдеби-қоғамдық сыйлығы диплом­мен және «И.А.Бунин (1870–1953)» медалімен қоса берілді. «Бұл наг­рада ақын Есенгелді Сүйіновке Қазақ­стан мен Ресей арасында әдеби бай­ланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр», деді марапат­ты тапсырған «Золотое перо Руси» әдеби достастығының негізін қа­лау­­­шы және президенті, ақын Свет­лана Савицкая.