Синоптиктер 26 шілдеде Астана мен Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қонаевта 26-27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 26 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 26 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 26 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 26 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 26 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 26 шілдеде түнде және таңертең найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 26 шілдеде жел солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 18 м/с.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 26 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 26 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 26 шілдеде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі деп күтіледі. Найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 26 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 26 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыс бойынша найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 26 шілдеде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 26-27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.

Астанада 26 шілдеде найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша шілде айының соңғы аптасына арналған ауа райының алдын-ала болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, қалада аптап ыстықты жаңбырлы күндер басатын болады.