Алматыға келген шетелдіктерге мамыр айынан бері 55 мыңнан аса туристік SIM-карта таратылды.
Осылайша саяхатшылар қазақ жеріне табан тіреген сәттен уақытша байланыспен қамтылады. Тегін карта іске қосылғаннан кейін 24 сағат жарамды. Әрқайсысында 1 гигабайт интернет пакеті бар. Бұл Қазақстанға келген шетелдіктердің абдырап қалмай, ғаламтордан қажетті ақпарат алуына мүмкіндік береді. Такси шақырудан бастап қонақүй іздеу, қала картасы, полицияға қоңырау шалу сияқты толық ақпарат ала алады. Мұндай сим-карталар Алматыдан бөлек Астана мен Шымкент әуежайларында да қолжетімді.
Еркебұлан Самақұлов, Алматы халықаралық әуежайы желілік полиция бөлімінің инспекторы:
- Ол SIM-карта таратудың басты мақсаты – шетелден ұшып келген жолаушы азаматтардың, туристердің жеке қауіпсіздігі, сонымен қатар қосылған күннен бастап 24 сағат қызмет атқаратындығы. Шетелден ұшып келген азаматтар бірден тексеріс алаңынан өткеннен кейін еріктілердің қызметі арқылы көптеген азаматтар алуға қызығушылық танытуда.