25 шілдеде Алматыда тау баурайында өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20:07-де жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды.

"Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілуде. Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған", делінген хабарламада.

Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және жою жұмыстары жүргізілуде.

Куәгерлердің айтуынша, от құрғақ шөпке түсіп, далада тез тараған. Кеңсай зиратына баратын жолды полицейлер жауып тастады.

Бұған дейін Алматы облысында алапат өрт болып жатқаны хабарланған.